Зорлау белгілері бар. Таразда екі әйелдің денесі табылды
Тараздағы жалдамалы пәтерлердің бірінен зорлық белгілері бар екі әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды sert-inform.kz
Факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына Жамбыл облысы полиция департаментінің жедел-тергеу тобы мен басшылығы барды. Күдіктіні анықтау және ұстау үшін барлық қажетті тергеу жедел іс-шаралары жүргізілуде, – деп хабарлады Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.