Ақтөбе облысындағы тікұшақ апаты: ауруханаға түскен 2 адамның қазіргі жағдайы айтылды

0 18

Апат салдарынан майор Батыр Оразымбетов қаза тапты.

9 қарашада Ақтөбеде МИ-8 тікұшағы құлап бір адам қаза тапты, екі адам ауруханаға түсті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, аурухана түскен екі азаматтың жағдайы қалыпты, деп хабарлайды sert-inform.kz

Науқастардың жалпы жағдайы тұрақты, денсаулығы нашарлап жатқан жоқ, — деп хабарлады басқарма.

Айта кетейік, 9 қараша сағат 11:40-та 112 нөміріне Мартөк ауданы Сарыжар ауылы маңында тікұшақтың «қатты қарқынмен қонғаны» туралы ақпарат түскен. Бортта 3 адам болған.

Содан кейін Қорғаныс министрлігі Ақтөбе облысында тікұшақ апатынан 36 жастағы Әуе қорғанысы күштері әскери институты авиациялық эскадрильясының офицер-нұсқаушысы, майор Батыр Оразымбетов қаза тапқанын мәлімдеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.