Қалыңмалы бар Қазақстанда енді жеке «мәһр» сұрау деген болмайды

Мүфтияттың осы мәселе бойынша шешімі жарияланды

0 25

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы некеге тұрған қызға беретін қалыңмал мен «мәһрды» біріктірді.

Мүфтияттың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы «әке күші», «ана сүті» сияқты қалыңдықтың ата-анасы мен отбасына дәстүрлі сыйлықтар мәһр болып саналмайтынын атап өтті.

— Қалыңмал – қазақ халқының дәстүрлі салт-дәстүрлері бойынша қалыңдық үшін берілетін ірі қара мал. Фикхтің кітаптарында күйеу жігіттің қызға жиһаз сатып алуы үшін берген малы «дустиман» деп аталады, – деді ол.

Ғалымдар шариғатта қалыңмалды «мәһр» деп санауға қатысты бірнеше көзқарас бар екенін атап өтті. Ағабек Қонарбайұлы мүфтияттың осы мәселе бойынша шешімін жариялады.

— Шешім бойынша, күйеуі тарапынан берілген қалыңмалды қыз мәһр ретінде қабылдап, қолдана алады, — деп жазды ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұрлан имам Байжігітұлы мәһр сұраудың салтымызға жат екенін айтқан болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.