
Еске салайық, 2023 жылы 19 наурызда өткен сайлауда облыстық мәслихаттың депутаттығына 6 саяси партия қатысып, партиялық тізімдер бойынша «Аmanat» партиясы 66,03%, «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясы 5,70%, «Respublica» партиясы 11,22%, «Қазақстан халық» партиясы 5,67%, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы 5,60%, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы 5,68% дауыс жинады.
Сонымен қатар, Жамбыл облыстық мәслихатының бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайлауға 64 кандидаттар түсіп, олардың 18-і депутат болып сайланды.
Бүгін бірқатар депутаттар облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Пікірлер