«Беташар» салты ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасы тізіміне енді

Маңызды шешім Парагвай астанасында қабылданды

0 17

«Беташар» салты ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасы тізіміне енді. Бұл туралы мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мәлімдеді.

Жаңа ғана Парагвай астанасы Асунсьонда ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қазақтың ежелгі салттарының бірі «Беташар» Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді, – деп жазды Ерлан Қарин.

Wikipedia ақпаратына сүйенсек, ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізімінде Қазақстанның 6 нысаны бар. Үш нысан тізімге мәдени талаптар бойынша енгізілсе, тағы үшеуі табиғи талаптар бойынша іліккен. Атап айтқанда:

  • Қожа Ахмет Ясауи кесенесі;
  • Таңбалы тас петроглиф кешені;
  • Сарыарқа — Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері;
  • Жібек жолы бойындағы көне қалалар (Ақтөбе, Ақыртас, Қарамерген, Қойлық, Қостөбе, Құлан, Өрнек, Талғар);
  • Батыс Тянь-Шань (Қаратау қорығы, Ақсу-Жабағлы қорығы, Сайрам-Өгем ұлттық паркі);
  • Алтынемел ұлттық паркі және Барсакелмес қорығы.
Leave A Reply

Your email address will not be published.