Қаржылық сауаттылық

0 13

Қаржы эксперті Шолпан Түсіпбекова және кәсіпкер, Жамбыл облысы іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Меруерт Лештаева Sert-inform подкастына сұхбат берді.

 

Қаржылай сауатты болу үшін адам тау мен тасқа соғылу керек пе?

— Адам қаржылай сауатсыздығынан қиындықтарға ұшырайды. Мысалы, жүз адам табысты бірдей табады екен. Оның жиырмасы сақтап біледі, төртеуі көбейтіп біледі. Ол қандай адамдар? Олардың бір ғана қасиеті бар. Олар ақшаның ережелерін біледі. Қаржылай сауаттылықта екі ситуацияда сауда болады. Біреуі, өзіңнің мәселеңді шешу үшін. Екіншісі, арманға жету үшін. Арманға адамдар жәй жүреді, ал мәселе шешу үшін қатты жүреді. Тауға соғылған адамдар жетістікке тезірек жететіні сондықтан. Себебі, сол мәселені шешуге асығады. Жетістікке жеткен адамдардың 80%-ы қиындық арқылы келген,- деді Шолпан Түсіпбекова.

 

17 пәтер берудің сыры?

— Жанымда пәтерсіз жас қыздар жұмыс істеді. Сол кезде ой келді, бірінші жанымда жүрген қыздарға пәтер алып берейін деген. Және мен депрессияға түскен кезде, сол жағдайдан кітаптар алып шыққан. Сол кезде Дэвид Рокфеллердің кітабын оқыдым. Сол кітабында табыстың 10%-ы міндетті түрде қайырымдылыққа беру керек деген. Үлкен кітаптан алған инсайт сол ғана болды. Енді сол ақшаны кімге беремін деген кезде, тек еңбек жасаған адамға беремін деп шештім. Солай 10-жыл жұмыс істеген жұмысшы пәтер алады, 5-жыл істеген жұмысшы алтын алқа алады деп мақсат қойдым,- деп жауап берді Меруерт Лештаева.

 

Өзіңізді қаржылай сауаттымын деп ойлайсыз ба?

— 30 жыл бойы кәсіпте жүріп артына қалдырар мұралары жоқ жандар бар. Мен өзімді қаржылай сауаттымын деп санаймын. Барлығы ізденістің арқасы. Қазір өмір бір орнында тұрмайды. Қандай үлкен-кіші бизнес болсада заманға қарай жылжу керек. Осы қаржылай сауаттылықты базардағы саудагерлерге үйрету керек. Себебі бүткіл отбасы мүшесімен базарда 30 жыл отырып бір пәтер алмағандар бар. Мен бұны мақсатсыз өткен өмір деймін. Және сауатсыздық,- деді Меруерт ханым.

 

Сондай-ақ, подкастта Шолпан Түсіпбекова қаржылай сауаттылықтың нақты механизмдерін айтып кетті. Толығырақ:

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.