Жаңалықтар

Қазақстан шетелге 45 млн долларға ет сатты

Биыл 10 айда Қазақстан шетелге 13,3 мың тонна қой мен ешкі етін экспорттады. Бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп. Ақшамен санағанда…

sert-informSERT INFORM тілшісі

Биыл 10 айда Қазақстан шетелге 13,3 мың тонна қой мен ешкі етін экспорттады.

Бұл 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп. Ақшамен санағанда көрсеткіш 64%-ға өсіп, 45,3 млн долларға ет сатылған.

Мұндағы әңгіме жас және салқындатылған ет, мұздатылған ет туралы болып отыр. Негізінен сөз қой еті туралы (қазір жалпы салмақтағы ешкі етінің үлесі – 0,1%) болып отыр. Мұндағы негізгі нарық – Өзбекстан (өнімнің шамамен 80%-ы), ал қалған өнімнің барлығы Араб елдері мен Иранға жіберілген, — деп жазылған Telegram-дағы Data Hub арнасында.

Қой етінен басқа, жаңа және салқындатылған ірі қара малдың еті шетелге жақсы сатылып жатыр.

Биыл қаңтар-қазанда еліміз 17,4 мың тонна етті немесе 72,8 миллион долларға саттық. Өнімді негізінен Өзбекстан нарығы тұтынған: биылғы ІҚМ жас/салқындатылған етінің экспортының 96%-ы, — деп жазылған хабарламада.

Пікірлер

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *