Биыл Ұлы Жеңіске 80 жыл

0 57

Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай Қазақстан Халық Партиясы патриоттық рухты нығайту және жастар арасында елге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында бүгін іс-шара ұйымдастырды. «Даңқ» залында өткен тарихи экскурсия барысында соғыс және тыл ардагерлерінің тағдыры баяндалып, олардың ерліктері жас ұрпаққа үлгі ретінде көрсетілді.
ҰОС 80 жылдығына арналған бұл іс-шара тарихи сананы нығайтып қана қоймай, патриотизм мен бірлік құндылықтарын дәріптеуге бағытталды. Осындай еске алу шаралары бүгінгі күнге бейбіт өмір сыйлаған ардагерлердің ерлігін ешқашан ұмытпауымыз керектігін тағы бір мәрте еске салады.

Даңқ залының экскурсиялары тек майдандағы ерліктерді ғана емес, тылда еңбек еткендердің де ерлікке тең істерін еске алды. Олар майдан даласына азық-түлік, киім-кешек және қару-жарақ жіберіп, Жеңісті жақындатуға зор үлес қосты. Қиын кезеңде қажырлы еңбегімен ерекшеленген тыл ардагерлерінің тағдыры жас буынға ерекше әсер етті.

300 фашистің көзін жойған батыр – Ыбырайым Сүлейменов.
Жамбыл облысының тумасы, аңызға айналған батыр Ыбырайым Сүлейменов – Ұлы Отан соғысының қаһарманы. Ол бір шайқаста 300 фашисті жойып, ерлігімен тарихқа мәңгілік есімін қалдырды. Бұл ғана емес, Сүлейменов соғыстың шешуші кезеңдерінде ерекше қайсарлық танытып, көптеген майдандастарына рух берген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.