2026 sürümüyle piyasaya bettilt çıkacak olan büyük ses getirecek.

Türk kullanıcılar için slotlar genellikle kolay oynanabilir yapısıyla tercih edilir; bettilt giriş arayüzünü bu şekilde tasarlamıştır.

Bahisçiler için hazırlanan pinco kodları yatırımları artırıyor.

Promosyonlarla kazançlarını artırmak isteyenler bettilt giriş fırsatlarını değerlendiriyor.

2024’te Avrupa’da bahis oynayan kullanıcıların %31’i kadınlardan oluşmuştur ve bahsegel giriş kadın kullanıcı sayısında artış göstermektedir.

Türk bahis pazarında en çok tercih edilen ödeme yöntemi elektronik cüzdanlardır, bahsegel giriş bu yöntemleri destekler.

Spor tutkunları, canlı maçlara yatırım yapmak için bahsegel giriş bölümünü tercih ediyor.

Yüksek jackpot oranı sunan oyunlar, pinco giriş üzerinde özel kategori halinde listelenmiştir.

Lisanslı yapısı sayesinde güven veren bettilt Türkiye’de hızla popülerleşiyor.

Bahis dünyasında istikrarı, kaliteyi ve güveni bir bahsegel giriş araya getiren, oyuncularının memnuniyetini her zaman öncelikli tutuyor.

Ауыл шаруашылығын дамытуға 700 млрд теңге бөлінеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты нақты міндеттерді белгіледі. Бұл туралы мәжіліс депутаты Серік Егізбаев айтты.

0 153

Ауыл шаруашылығын дамыту – басты басымдық

Президент агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін нығайтудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Мемлекет ауыл шаруашылығына, оның ішінде фермерлер мен шағын шаруашылықтарға қолдау көрсету бағдарламаларын жалғастырады. Бұл ретте 2024 жылы аграрлық секторды дамытуға кемінде 700 миллиард теңге бөлінетіні белгілі болды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы экономикамыздың басқа салалары арасында өсім қарқыны бойынша көш бастап тұр. Бұл жеңілдетілген несиелеудің айтарлықтай ұлғаюының арқасында мүмкін болды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Несие саясаты және инфрақұрылымды дамыту

Аталған қаржы мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеушілерге қолжетімді несиелер беру үшін жұмсалады. Сондай-ақ, мемлекет тиімсіз субсидиялаудан бас тартып, жеңілдетілген несие көлемін кеңейтуге көшеді.

Сонымен қатар, Үкіметке:

-Шикізатты сақтау және терең өңдеу қуаттарын кеңейту
-Шетел нарықтарына өнім экспорттауды қолдау
-Ветеринария саласын дамыту міндеттері жүктелді.

Президент ауыл шаруашылығында жоғары табысты дақылдарды өсіруге көшудің маңыздылығын атап өтті. Бұл қажеттілік астық бағасының қазіргі қалыптасқан жағдайымен байланысты.

Ауылдық аумақтарды кешенді дамыту

Мемлекет басшысы ауылды дамытудың стратегиялық маңызын ерекше атап өтті. Бұл ретте инфрақұрылымды жаңғырту мен бизнесті қолдау басты басымдық ретінде қарастырылады. Президент “Ауыл аманаты”, “Ауыл – ел бесігі” секілді мемлекеттік бағдарламаларды біртұтас жүйеге біріктіруді тапсырды.

Секторды дамыту – ұлттық тұрақтылықтың кепілі

Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев Президент баяндамасының ауыл шаруашылығының дамуы тек экономикалық мәселе емес, елдің тұрақты дамуының негізгі құрамдас бөлігі екенін айқындағанын атап өтті.

Агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыруымыз қажет. Бұл – ауыл шаруашылығының басты міндеті – елді негізгі азық-түлік өнімдерімен толық қамтамасыз етуге күш салу деген сөз. Президенттің тапсырмалары осы саладағы жүйелі өзгерістерге серпін береді, – деді депутат.

Ауыл шаруашылығына арналған мемлекеттік қолдау бағдарламалары, инновацияларды енгізу, экологиялық жауапкершілікті арттыру және инфрақұрылымды дамыту аграрлық секторды бәсекеге қабілетті әрі жоғары тиімді салаға айналдыруға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, ауыл шаруашылығы – тек ауыл тұрғындары үшін емес, бүкіл ел үшін маңызды сала. Оның жетістіктеріне миллиондаған адамның әл-ауқаты мен ел экономикасының тұрақтылығы тікелей байланысты. Осы орайда, қабылданған шаралар Қазақстанның аграрлық саласын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған, – дейді депутат.

Leave A Reply

Your email address will not be published.