Үндістан мен Қазақстан арасында тағы бір әуе рейсі ашылады
Үндістан мен Қазақстан астаналары арасында жаңа маршрут іске қосылады 5 ақпанда Қазақстанның авиациялық билігі Астананың халықаралық әуежайы өкілдерінің қатысуымен "Indigo" үнді "лоу-кост" әуекомпаниясының басшылығымен кездесу өткізді.
“Биылғы 14 мамырдан бастап “Indigo” әуекомпаниясы Астана – Дели бағыты бойынша жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер A-320/321 типті әуе кемелерінде аптасына 3 рет жиілікпен орындалады.
Қазақстан мен Үндістан астаналары арасында тікелей рейстің ашылуы елдер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және елдің транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал ететін болады”, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, бұған дейін “Эйр Астана” қазақстандық әуекомпания биылғы 20 сәуірден бастап “Airbus” үлгісіндегі әуе кемесінде аптасына 3 рет жиілікпен Алматы – Мумбай бағыты бойынша Үндістанға рейстер ашатыны хабарланған болатын.
Жалпы, көктемгі-жазғы навигация кезеңінде елдер арасындағы жолаушылар рейстерінің 5 әуе бағыты бойынша аптасына 24 рейске дейін ұлғаюы күтіледі. Қазіргі уақытта тұрақты әуе қатынасы Алматы – Дели (“Эйр Астана” – аптасына 7 рейс, “IndiGo” – аптасына 7 рейс), Алматы – Гоа (SCAT – 2), Астана – Гоа (FlyArystan – 2) бағыттары бойынша орындалады.