Қазақстандықтардың орташа табысы қанша?

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың IV тоқсанында жалақының медианалық мәні 308 717 теңгені құрады

0 34

Ал шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда, орташа атаулы жалақы 434 982 теңге болды.

Өткен жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда ең жоғарғы жалақы өсімі ақпарат және байланыс (32,8%), ауыл шаруашылығы (22,7%) және жылжымайтын мүлікпен операциялар (20,3%) салаларында байқалды. Ал білім беру (5%) және денсаулық сақтау (7,6%) салаларында өсім айтарлықтай төмен.

Өңірлер бойынша ең жоғары жалақы өсімі Алматы мен Шымкент қалаларында (13,6%), Қарағанды (13,2%), Солтүстік Қазақстан (12,9%) және Ақтөбе облыстарында (12,6%) тіркелді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.