Түркістан облысының ардагерлері 45 млн теңге алатын болды

Түркістан облысының ардагерлері Жеңістің 80 жылдығына орай 5 млн теңгеден төлем алатын болды

0 30

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев берген ресми жауабында өңірде Екінші дүниежүзілік соғысының 9 ардагері тұратыны айтқан болатын.

Биыл Жеңістің 80 жылдығына орай Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлеріне әкімдік тарапынан 5 000 000 теңге көлемінде біржолғы материалдық төлемақы беру жоспарланып отыр, — деді әкім орынбасары.

Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлеріне теңестілген азаматтарға санаттары бойынша 50 мың теңгеден 120 мың теңгеге дейін біржолғы қаржылай көмек көрсету жоспарланып отыр. Сондай-ақ «Ардагерлер туралы» заңына сәйкес әлеуметтік қолдау шаралар көрсетіледі.

Бұған дейін Ақмола облысының ардагерлері Жеңістің 80 жылдығына орай 5 млн теңгеден төлем алатынын жаздық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.