Семейде жәбір көрген балаға қазақстандықтар жаңа баспана алып берді

0 97

Семейде бір топ жасөспірім аяусыз соққыға жыққан оқушыға қазақстандықтар 32 миллион теңге жинап, пәтерлі болуына көмектесті. Балаға пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды sert-inform ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Семейлік блогер Аида Жүнісова 3 күнде Алинұрға 32 миллион теңге жиналғанын айтты. Ол пәтерді тауып, кілтін балаға ұсынғанын көрсетті.

Сөзінше, соққыға жығылған жасөспірім қазір оңалып келе жатыр. Ашылып сөйлеп, қоғамға бейімделіп жатыр дейді.

Еске салсақ, бұған дейін Семейде бір топ оқушы қатарластарын аяусыз ұрып-соққаны туралы жазған едік. Оқушыны аяусыз ұрып-соққан жасөспірімдер арнайы мектепке жіберілді. Сондай-ақ, осы оқиғаға байланысты мектеп директоры қызметінен босатылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.