Президент: Тату елде тұрақтылық пен тыныштық болады

0 7

«Ислам – өзара құрмет пен келісім діні. Қазір әлем халқы аса күрделі кезеңді бастан өткеріп жатыр. Қауіп-қатерлер күшейді, геосаяси ахуал да күрделеніп барады.

Кейбір санасыз, надан адамдардың, арандатушылардың іс-әрекетінің салдарынан әлемдегі ислам дінінің де беделі төмендеп кетті. Өкінішке қарай, осындай үрдіс пайда болды. Мұндай алмағайып кезде біз ынтымағымызды нығайтуымыз керек. Бұл – аса маңызды міндет.

Бәріміз бір ел болып зор жауапкершілікпен мемлекеттік саясатты қолдауымыз керек, еліміздің ұлттық мүддесін қорғауымыз қажет.

Тату елде тұрақтылық пен тыныштық болады. Бірлігі мықты ел өркендейді.

Қасиетті Рамазан айы еліміз үшін жақсылыққа толы, шарапаты мол ай болсын. Оразада ниет еткен дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын»

Leave A Reply

Your email address will not be published.