Мемлекет басшысы Құрылтай мүшелері азаматтық жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп жүргенін айтты
«Құрылтай отырысының нәтижесі елімізге нақты пайда әкелеріне еш күмән жоқ.
Бүгінгі жиында Құрылтай мүшелері елге шын жанашыр азаматтар екенін айқын көрсетті. Елдік істе күш біріктіру – біртұтас ұлтқа тән қасиет.
Сіздер әрдайым азаматтық жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп жүрсіздер. Баршаңызға зор ризашылығымды білдіремін»