Қытай Boeing ұшақтарын сатып алуға тыйым салды
Қытай өз авиакомпанияларына Boeing ұшақтарын сатып алуға тыйым салды, bloomberg.com
Сонымен қатар, Boeing корпорациясынан қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды сатып алуды тоқтату туралы шешім қабылданды.
Бұл АҚШ енгізген жаңа тарифтерге жауап ретінде қабылданған шаралардың бір бөлігі екені айтылды. Агенттік дереккөздерінің хабарлауынша, бұл баж салығы американдық ұшақтар мен бөлшектердің бағасын екі есе қымбаттатып жіберер еді. Сондықтан қытайлық авиакомпаниялар үшін Boeing өнімдерін сатып алу «тиімсіз» болып отыр, — делінген мәліметте.