HR FORUM-2025: Жас педагогтарға арналған жаңа мүмкіндіктер алаңы

0 9
Бүгін Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінде «HR FORUM & JOB FAIR: Жас мамандарға жаңа мүмкіндіктер» форумының алғашқы күні өтті

Бұл бөлік педагогикалық бағытқа арналды, форумда университет түлектері мен жұмыс берушілер тікелей байланыс орнатып, тәжірибе бөлісті

Шараға Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, «Еңбек мобильдігі орталығы», «Отбасы банк» және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері қатысты.

Жиында университет ректоры Махметғали Сарыбеков форумның жастардың кәсіби болашағына бағыт-бағдар беретін маңызды алаң екенін атап өтті.

Ал, форумда спикер ретінде сөз алған Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысының міндетін атқарушы Лаззат Абильдаевна жас мамандарға қолдау көрсету аймақтың басты басымдығы екендігін жеткізді.

Форум барысында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университеті мен білім басқармасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, кадр тапшылығы мен ауыл мектептеріне маман тарту мәселелері талқыланды.

Жиын соңында Жамбыл облысы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығының директорының орынбасары, ақын және аталған университет түлегі Медеу Мырзатай: «Менің жолым осы университет қабырғасынан басталды. Жас маманға ең керегі – сенім мен мүмкіндік. Бүгінгі форум – дәл сол екі ұғымды біріктіріп отыр», – деп жастарға мотивациялық ой тастады.

Сондай-ақ, форумға қатысқан қонақтарға алғыс хаттар табыс етіліп, бейресми форматтағы кофе-брейк пен сұхбаттасу алаңы да ұйымдастырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.