Қазақстанда үсік, жауын-шашын мен қатты жел күтіледі
«Қазгидромет» мәліметінше, бұл күндері жауын-шашын, үсік және қатты жел болады
Аптаның басында шығыс өңірде қар жаууы мүмкін. Сондай-ақ шығыс, солтүстік және орталық аймақтарда түнгі температура -1…-6 градусқа дейін төмендеп, күндіз +1…+8 градус шамасында болады. Жел екпіні кей жерлерде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.
Оңтүстіктегі таулы және тау бөктеріндегі аудандарда түнде жаңбыр мен қар аралас жауын жауады. Күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде 3 градусқа дейін үсік түсуі мүмкін.
Тек еліміздің батысында күн ашық әрі жылы болады. Мұнда күндізгі температура +23…+28 градусқа дейін жетеді.