Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады
Yandex Qazaqstan компаниясы қызметінің негізгі бағыттары мен жоспарлар қарастырылды;
компанияның интернет-платформа арқылы халықты жұмыспен қамту және жасанды интеллект технологиясын дамыту бастамаларына айрықша назар аударылды;
мәдени мұраны озық технологиялармен интеграциялау мәселесі талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев:
Yandex Qazaqstan компаниясының цифрлық трансформацияға, шағын және орта бизнесті қолдауға, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға қосқан үлесіне жоғары баға берді;
жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан кезеңде мәдени бірегейлікті сақтаудың, сонымен қатар қазақ тілі мен мәдениетін цифрлық кеңістікте ілгерілетудің мәні зор екенін атап өтті.
Даниил Шулейко:
платформа арқылы жұмыспен қамту жобасы нәтижесінде 65 мыңнан астам автокөлік жүргізушісі «Яндекс. Такси» серіктесі ретінде әлеуметтік қорғауға ие болғанын жеткізді;
Астанада жаңа инновациялық жобаларды іске қосу жоспары жөнінде баяндады;
AI-Sana бағдарламасына атсалысуға дайын екенін растады.
2024 жылы компания елімізге 29,5 млрд теңге көлемінде салық төлеген, ал 2016 жылдан бері Қазақстан экономикасына 225 млрд теңгеден астам инвестиция құйған