Тоқаев Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Тоқаев: Бірлік бар жерде – береке бар

0 7

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады. Ақорданың баспасөз қызметі таратқан құттықтауда Президент ел бірлігінің мәніне ерекше тоқталып, баршаға амандық пен бақ-береке тіледі.

«Құрметті отандастар! Бірлік күні құтты болсын! Бұл – халқымыздың жарасты өмір сүруінің, татулық пен келісімнің символына айналған айрықша мереке. Кең байтақ жерімізде әртүрлі этнос өкілдері тату-тәтті тіршілік етіп, ортақ құндылықтар мен мақсаттар жолында біріге еңбек етіп келеді», – деді Президент.

Мемлекет басшысы биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын атап өтетінімізді еске салып, бұл ұйымның елдегі татулық пен тұрақтылықты нығайтудағы рөліне жоғары баға берді.

«Ассамблея – ынтымақ пен өзара құрметтің жарқын үлгісі. Ел дамуы мен жүзеге асып жатқан реформалардың табысты болуы – халқымыздың ауызбіршілігінің жемісі. Біз теңдікке, сенімге және мәдени әралуандылықтың күшіне арқа сүйеп, Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент қазақстандықтарды елдік мүдде жолында жұмыла еңбек етуге үндеп, еліміздің болашағы жарқын боларына сенім білдірді.

«Жұрт болып жұмыла білсек, кез келген сынақты еңсереміз, биік белестерге жетеміз. Баршаңызға бақ-береке, ашық аспан, бірлік пен берекелі өмір тілеймін!», – деп түйіндеді ел Президенті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.