Тыл еңбеккерінің тағдыры: Шымкенттегі әжей антисанитарлық жағдайда өмір сүрген

0 26

Тыл еңбеккерінің тағдыры: Шымкенттегі әжей антисанитарлық жағдайда өмір сүрген
Шымкент қаласындағы еріктілер тобы әлеуметтік желіде жұртты бей-жай қалдырмайтын жағдайды жария етті. Олар адам шошырлық жағдайда өмір сүріп келген қарт әжейдің тағдыры туралы жазды. Әжей – тыл еңбеккері, ел үшін еңбек сіңірген жандардың бірі. Алайда қазіргі күйі – елеп-ескерусіз қалған жанның көрінісі.
Жағдай қандай?
Жергілікті еріктілердің жазуынша, қарт әжей бірнеше жылдан бері тым ауыр жағдайда өмір сүріп келген. Тиісті күтім де, медициналық көмек те болмаған. Ең сорақысы — зейнетақысы мен мемлекеттік көмекті де өзі емес, туысы алып келген. Биыл 9 мамыр – Жеңіс күніне орай берілген бір реттік ақшалай көмекті де сол туысы иемденген көрінеді.
Бұл ақпараттың шындыққа жанасатынын Шымкент қаласының тиісті органдары әлі нақты растаған жоқ. Алайда еріктілер бұл жағдайдың анық-қанығына жетіп, әжейді сол туысына қайта бермеуді талап етіп отыр.
Әлеуметтік желідегі пікірлерге көз жүгіртсек, көпшілік бұл оқиғаға бей-жай қарамаған. Еріктілер мен қарапайым азаматтар Шымкент қаласы әкімдігінен нақты шара қолдануды сұрап отыр. Ең бастысы – әжейдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оның ары қарайғы өмірін лайықты деңгейге жеткізу.

Leave A Reply

Your email address will not be published.