Орталық Азияда өмір сапасы: Қазақстан алда, Тәжікстан соңында

0 45

CEOWORLD журналы 2024 жылғы Human Progress Index (HPI) рейтингін жариялады. Зерттеу барысында елдердің өмір сүру сапасы, денсаулық сақтау мен білім деңгейі, саяси тұрақтылық, жан басына шаққандағы табыс және мүмкіндіктерге қолжетімділік сынды 23 көрсеткіш сарапталған. Барлық параметрлер 100 балдық шкала бойынша бағаланған.

Рейтинг нәтижесінде Швейцария әлемдегі ең жоғары өмір сүру сапасы бар ел атанды. Одан кейін Норвегия, Исландия, Гонконг, Швеция, Дания, Германия, Ирландия, Сингапур және Аустралия алғашқы ондыққа енген.

Қазақстан әлем бойынша 70-орын иеленіп, Орталық Азия елдері арасында ең жоғары көрсеткішке ие болды.
Аймақ елдерінің рейтингтегі орны:

  • Түрікменстан — 96-орын

  • Өзбекстан — 108-орын

  • Қырғызстан — 119-орын

  • Тәжікстан — 128-орын

Салыстыру үшін, Түркия — 48-орын, Ресей — 59-орын, Беларусь — 72-орын, ал Армения — 78-орында.

Рейтинг үш негізгі санатқа — тұрақтылық, қанағаттану және тепе-теңдік негізделіп жасалған. Бұл көрсеткіштер елдердегі өмір сүру сапасының кешенді бейнесін көрсетеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.