Азияда жарқыраған жұлдыздар: қазақстандық жас гимнасттар үш медаль жеңіп алды

0 58

8 маусым күні Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында спорттық гимнастикадан жастар арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл жарыс жас дарындардың шеберлігін дәлелдейтін маңызды додаға айналды.

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы финалдық сында үш бірдей жүлдені еншіледі. Ат снарядындағы жаттығуда еліміздің атынан шыққан Роман Хегай 13.800 ұпаймен күміске қол жеткізсе, Нұртан Ыдырысов 12.866 ұпаймен қола жүлдегер атанды. Жапониялық Харутоши Очаи бұл жаттығуда 12.666 ұпай жинап, үшінші орынды түйіндеді.

Бұдан бөлек, Нұртан Ыдырысов қоссырықтағы жаттығуда тамаша өнер көрсетіп, 13.933 ұпаймен алтын медаль жеңіп алды.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы көпсайыста үшінші орын иеленіп, тағы бір жүлде қоржынға түсті.

Жас спортшыларымызды осы жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.