Израиль Иранға соққы жасады: Тегеранда жарылыстар тіркелді

0 25

Израильдің Әскери-әуе күштері Иран аумағына соққы жасап, оның салдарынан Тегеран қаласында бірқатар жарылыстар тіркелді. Бұл туралы Axios порталы хабарлады.

Алайда, бұл соққылар Иранның ядролық нысандарына бағытталған ба, жоқ па – әзірге нақты ақпарат жоқ. Сондай-ақ АҚШ бұл әскери операцияға қолдау білдірді ме, әлде қарсы болды ма – ол да беймәлім күйінде қалып отыр.

Осы оқиғадан кейін Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац ел аумағында төтенше жағдай жариялағанын мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Израиль үкіметіне Иранның ядролық инфрақұрылымына қарсы ешқандай әскери әрекетке қатыспайтынын ескерткен болатын.

Жарылыстардан бірнеше күн бұрын The Wall Street Journal басылымы Тегеран Вашингтонмен ядролық келісімге келмеген жағдайда, Израиль жексенбі күні әскери соққы жасайтыны мүмкін екенін хабарлаған еді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресей мен Украина бейбіт келіссөздерден кейін тұтқындар алмасудың алғашқы кезеңін өткізген болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.