Қазақстан мен Қытай «жасыл» энергетика саласындағы әріптестікті нығайтпақ

0 5

Қазақстан Үкіметі мен Қытайдың жетекші экологиялық компанияларының бірі — «Хунань Цзюньсинь Хуаньбао» арасында «жасыл» энергетика және қалдықтарды өңдеу саласындағы ынтымақтастық кеңеймек. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов пен компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Дай Даого екіжақты кездесу өткізіп, қалдықтарды қайта өңдеу бойынша бірлескен инвестициялық жобаларды талқылады.

Премьер-министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экологиялық жаңғыртуға ерекше көңіл бөліп отырғанын айтып, Қазақстан үшін орнықты даму мен «жасыл» трансформация — мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Бүгінде елімізде қалдықтарды энергияға айналдыру (Waste to Energy) жобаларын іске асыруға қажетті құқықтық база қалыптасқан. Үкімет бұл бағытта халықаралық технологиялық компаниялармен серіктестікке ашық.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілік танытып, өзара іс-қимылды кеңейтуге ниетті екендерін білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.