Әлихан Әскербай – Азия чемпионы: үш әлем және үш құрлық рекорды жаңартты

0 6

Қазақстандық ауыр атлет Әлихан Әскербай Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Ол тек жеңіс қана емес, үш Азия рекордын және үш әлем рекордын жаңартты.

Қоссайыс нәтижесі бойынша отандасымыз 310 келіні (жұлқа көтеру – 141 кг, серпе көтеру – 169 кг) еңсеріп, жасөспірімдер арасында чемпион атанды.

Сондай-ақ, Әскербай жастар арасындағы жарыста да сәтті өнер көрсетіп, қола медаль иеленді.

Бұл Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы кезекті табысты көрсеткіші. Бұған дейін Ксения Прозорова да ел қоржынына екі медаль салған болатын. Ол U17 санатында бірінші орынды иеленіп, 20 жасқа дейінгі жас атлеттер арасында күміс медаль еншілеген еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.