АҚШ-тағы су тасқыны: Техаста қаза тапқандар саны 80-ге жетті, олардың 28-і — балалар

0 5

АҚШ-тың Техас штатында болған жойқын су тасқыны салдарынан кемінде 80 адам қаза тапты, олардың ішінде 28 бала бар. Бұл туралы BBC және CNN агенттіктері хабарлады.

Керн округінің шерифі Ларри Лита жексенбі күні кешкісін журналистерге 68 адамның өлімі расталғанын мәлімдеді. Оның ішінде 40 ересек пен 28 бала бар. Ал CNN мәліметіне сүйенсек, Техастың басқа бес округінде тағы 12 адам көз жұмған.

Су тасқыны салдарынан кемінде 41 адам, оның ішінде 10 қыз бала із-түссіз жоғалған. Жоғалған және қаза тапқан балалардың көбі Керрвилл қаласы маңындағы Camp Mystic деп аталатын христиандық жазғы лагерьде демалып жатқан. Нөсер жауыннан кейін Гуадалупе өзені тасыған, балалар жағадан алыстап шыға алмай қалған.

Техастың бірнеше округінде төтенше жағдай жарияланды. Көптеген жолдар бұзылып, байланыс жүйелері істен шыққан.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұл оқиғаны «жан түршігерлік» және «қорқынышты» деп бағалады. Ол өз әкімшілігі Техас билігімен тығыз жұмыс істеп жатқанын, ал Техасқа арнайы Ұлттық қауіпсіздік министрі Кристи Ноэмнің барғанын хабарлады.

Кристи Ноэм баспасөз жиынында FEMA (Төтенше жағдайларды басқару федералды агенттігі) жоғары дайындық режимінде екенін, құтқару және іздеу жұмыстарына барлық қажетті ресурстар жұмылдырылып жатқанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, АҚШ-та Тәуелсіздік күніне жоспарланған барлық мерекелік іс-шаралар тоқтатылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.