Астана – Бурабай бағытында жаңа буын электр пойызы іске қосылды
Қазақстанда Астана – Бурабай курорты бағытында «Burabay Express» деп аталатын жаңа электр пойызы жолаушыларға қызмет көрсете бастады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми түрде хабарлады.
Жаңа құрам Петропавлдағы «ЗИКСТО» ЖШС зауытында жасалып, халықаралық стандарттарға сай әзірленген. Burabay Express жобасы қала маңындағы теміржол қатынасын жаңғыртуға және жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Электр пойызының негізгі сипаттамалары:
-
6 вагон, жалпы 374 орын;
-
Ауа баптау (климат-бақылау) жүйесімен жабдықталған;
-
1, 2 және 3-класс жайлылық деңгейі;
-
Заманауи интерьер мен жоғары сапалы қызмет.
Қосымша мүмкіндіктер:
-
Жақын арада: жоғары жылдамдықты интернет, борттық тағамдар, банк картасы арқылы қолма-қол ақшасыз төлем жүйесі іске қосылады.
Қозғалыс кестесі:
-
Астанадан шығу: сағат 11:00
-
Бурабай курортына келу: сағат 13:35
-
Кері бағытта: сағат 14:15
-
Астанаға келу: сағат 17:00
-
Пойыз аптасына бес рет қатынайды.
Билет бағасы:
-
1-класс: 5 805 теңге
-
2-класс: 3 586 теңге
-
3-класс: 2 962 теңге
Билеттерді жөнелтілетін күннен 45 күн бұрын сатып алуға болады.
Ұлттық тасымалдаушы бұл жобаның мақсаты — қала маңындағы тасымал сапасын арттыру, инновациялық шешімдерді енгізу және көлік қызметтерін кеңінен қолжетімді ету екенін атап өтті.