Оралда 1 млн теңгеден астам қаражатты ұтылған әкімдік қызметкері жұмысынан босатылды
Орал қаласында букмекерлік кеңселер арқылы құмар ойындарға қатысқан Орал әкімдігінің қызметкері лауазымынан босатылды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде белгілі болды.
OLIMPBET букмекерлік кеңсесінің мәліметтеріне сәйкес, аталған қызметкер 2021 жылғы 5 маусым мен 2025 жылғы 22 қаңтар аралығында жеке шотына 34 млн теңгеден астам қаражат салған. Оның ішінде 1,7 млн теңгеге жуық сома заңнамалық шектеулер күшіне енгеннен кейін енгізілген. Бұл қаражаттың 971 мың теңгесі ұтылып қалған.
Прокуратураның тексерісі барысында Орал қаласы әкімдігі, Мемлекеттік кірістер басқармасы және қалалық полиция басқармасы қызметкерлері де букмекерлік кеңселер арқылы құмар ойындарға қатысқаны анықталған.
Тексеру қорытындысы бойынша:
-
24 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды;
-
Оның ішінде 16 адам жұмыстан босатылды.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында қадағалау актілері тиісті мемлекеттік мекемелерге жолданды.