Халықаралық информатика олимпиадасында қазақстандық оқушылар төрт медаль иеленді

0 52

Қазақстандық оқушылар Боливияда өткен халықаралық информатика олимпиадасында (IOI-2025) жоғары нәтиже көрсетіп, төрт медаль жеңіп алды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Биылғы олимпиада Боливияның Сукре қаласында өтті. Екі турдан тұрған жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының мүшелері үш күміс және бір қола медальға қол жеткізді:

  • Максим Цой – 11-сынып, Республикалық физика-математика мектебі (Алматы) – күміс медаль

  • Мансур Мамадахунов – 10-сынып, БИЛ (Қызылорда облысы) – күміс медаль

  • Әкежан Асқар – 11-сынып, НЗМ (Семей) – күміс медаль

  • Дәужан Бекетов – 9-сынып, №165 мамандандырылған лицей (Алматы) – қола медаль

Құрамаға Astana IT University-дің аға жаттықтырушысы Темірлан Қайырұлы Сатылханов пен IITU бағдарламалау жаттықтырушысы Айбар Мұратұлы Қуанышбай жетекшілік етті.

Оқушылардың олимпиадаға дайындығын республикалық «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығы үйлестірген.

Бұл жетістік – еліміздегі ІТ-білім беру сапасының артқанын көрсететін маңызды көрсеткіш.

Leave A Reply

Your email address will not be published.