Қазақстанда Starlink спутниктік интернеті ресми түрде қосылды

0 27

2025 жылғы 13 тамыздан бастап Қазақстанда Илон Масктың SpaceX компаниясына тиесілі Starlink спутниктік интернеті ресми түрде жұмыс істей бастады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, төмен орбиталық спутниктер технологиясы шалғай және инфрақұрылымы әлсіз аймақтарда да тұрақты байланыс орнатып, халықтың заманауи цифрлық сервистерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Starlink қызметін енгізу жөніндегі келісім 2025 жылғы 12 маусымда бекітілген.

«Бұл жоба еліміздің ең қолжетімсіз өңірлерінде де сапалы интернетке жол ашады», – делінген министрлік хабарламасында.

Жабдықтың құны мен тарифтер туралы толық ақпарат Starlink-тің ресми сайтында жарияланған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.