Жамбыл облысында бизнес қорғау желісіне жүгінгендер саны артты

0 26

2025 жылдың алғашқы алты айында Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасына бизнес қорғау желісі арқылы 62 өтініш түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46,7%-ға (33 өтінішке) көп.

Түскен өтініштердің 10-ы оң шешімін тауып, жалпы көрсеткіштің 16%-ын құрады.

Қорғалған мүліктік құқықтардың жалпы сомасы 877,9 млн теңге болды. Бұл өткен жылдың бірінші жартыжылдығынан (1,59 млрд теңге) 712,5 млн теңгеге аз. 2024 жылғы ірі көрсеткішке мектепке дейінгі білім беру саласындағы жеке қаржыландыру үлес қосқан еді.

2025 жылы өтініштердің негізгі бағыттары:

  • жер мәселелері – 22 өтініш;

  • мемлекеттік сатып алулар – 11 өтініш;

  • білім беру (мектепке дейінгі білімді қоса) – 10 өтініш;

  • ауыл шаруашылығы – 4 өтініш.

2024 жылы басым шағымдар мемлекеттік сатып алулар (22) мен жер мәселелеріне (13) қатысты болған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.