Мұнай бағасы қайта құлдырады

0 3

Әлемдік мұнай нарығында баға тағы да төмендеді. Brent маркалы мұнай баррелі 32 центке арзандап, 65,53 доллардан, ал WTI маркасы 23 центке төмендеп, 62,57 доллардан саудалануда.

Сарапшылардың айтуынша, бұл құлдырауға Ресей мұнайының жеткізілуіне қатысты шектеулердің қысқаруы және АҚШ президенті Дональд Трамптың Мәскеуге қарсы жаңа санкциялардан бас тартуы әсер еткен.

Аляскада өткен Трамп пен Путиннің кездесуі де нарықтағы сенімге ықпал етті. Инвесторлар шектеулердің жеңілдетілуін оң қабылдағанымен, геосаяси белгісіздік әлі де сақталып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.