Қазақстанда жаңа кәсіби мереке – Кәсіпкерлер күні белгіленді

0 3

Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, биылдан бастап 29 қазан – Қазақстан кәсіпкерлері күні ресми кәсіби мереке ретінде атап өтіледі. Тиісті бұйрыққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылғы 30 шілдеде қол қойған.

Бұл күннің таңдалуы маңызды тарихи оқиғамен байланысты: 2015 жылдың 29 қазанында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі қабылданған еді. Ол бизнесті қолдау жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясаттың базалық қағидаттарын бекітіп, кәсіпкерлік, инвестиция, бәсекелестік және мемлекеттік бақылау саласындағы негізгі заңнамалық актілерді біріктірді.

Қазіргі таңда елде 2,3 млн-нан астам бизнес субъектісі тіркелген. 2025 жылдың басынан бері 288 млрд теңгеге 2 мыңнан астам жоба субсидияланып, 61 млрд теңгеге 737 жобаға кепілдік берілді. Сондай-ақ, шамамен 9 мың кәсіпкер оқытудан өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.