Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенттігіне үміткер атанды

0 15

Әйгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин халықаралық World Boxing ұйымының президенті қызметіне үміткер болды. Қазіргі таңда ол бұл лауазымға басты үміткерлердің бірі ретінде қарастырылып отыр.

Бұған дейін ұйым басшылығына украиналық танымал спортшы Владимир Кличко ұсынылған болатын. Алайда оның кандидатурасы жарияланғаннан кейін көп ұзамай сайлаудан алынып тасталды.

Егер Геннадий Головкин президент болып сайланса, ол 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарында боксты үйлестіру мүмкіндігіне ие болады. Сарапшылардың пікірінше, бұл — қазақстандық спорт үшін зор мәртебе әрі тарихи оқиға болмақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.