2025 жылғы 20 қазан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен «Адал қоғам» қоғамдық бірлестігінің кешенді жоспарына сәйкес,
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында
Мойынқұм ауданы, Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебінде
«Адал азамат — Адал еңбек – Адал табыс» атты дәріс сабақ ұйымдастырылды.
Іс шара Мойынқұм ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында орындалды.
Мақсаты:
Жас ұрпақтың бойында адалдық, әділдік және жауапкершілік сияқты адами құндылықтарды қалыптастыру.
Дәріс сабаққа арнайы қатысып, өз ой-пікірлерімен бөліскендер:
▫️ Т.Рысқұлов атындағы тірек мектебінің 10 — 11 сынып оқушылары.
Іс-шара барысында оқушылар мен қатысушылар адалдық мәдениетін қалыптастырудың өзекті бағыттарын талқылап, тәжірибе алмасты.
Адалдық – адамдықтың айнасы,
тәрбие – ұлт болашағының тірегі.