Тәтті өнімнің төрі – Меркіде

0 17

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қаршөкеев Меркі ауданына барып, «Смарт Агро Каркара» алқабындағы қант қызылшасын жинау жұмыстарымен танысты. Жоба құны – 228,4 млн теңге, жалпы 600 гектар егістіктің 200 гектары қант қызылшасына арналған.

Биыл облыс бойынша 11,2 мың гектарға қант қызылшасы егілді. 600 мың тоннадан астам өнім жиналып, оның 597 мың тоннасы зауыттарға өткізілді. 300-ге жуық шаруаға мемлекет 15,2 млрд теңге субсидия төледі. 2025 жылы 5,3 мың гектардан 250 мың тонна өнім алу жоспарланып отыр.

Әкім әрі қарай 90 жылдан астам тарихы бар Меркі қант зауытына барды. 570-тен аса адам еңбек ететін кәсіпорын 2024 жылы 11 мың тонна қант өндірген. Қазан айында зауыт акционері Дәурен Ердебай 200-ге жуық шаруаға биылғы өнім үшін 13 теңге/кг төленетінін, мемлекет тарапынан 25 теңге субсидия берілетінін хабарлаған.

Бүгінде 2,3 мың гектар алқап жиналып, 101 мың тонна өнім зауытқа тапсырылды. Өнім қабылдауда тәртіп үшін талондық жүйе енгізілген. Өткен жылғы 2,2 млрд теңге қарыздың өтелуі үшін бюджеттен 1,6 млрд бөлінді, қалған 600 млн теңге биыл толық өтелмек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.