Меркі ауданындағы жұмыстардың шынайы есебі: уәде мен нәтиже қаншалықты сәйкес келеді?

0 8

Меркі ауданы 2025 жылдың қаңтар–қазан айларында негізгі салалар бойынша тұрақты өсім көрсетті. Ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, инвестиция және әлеуметтік бағыттарда жоспарлы жұмыстар жалғасуда. Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Ербол Жиенқұлов баяндама жасады.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 41,4 млрд теңге болды. Егістік көлемі 93 мың гектардан асты, қант қызылшасынан 152,9 мың тонна өнім жиналды. Биыл алғаш рет 317 гектарға фасоль егілді. Ауыл шаруашылығы техникасы 86% жаңартылды.

Су жүйелері

66 канал жаңғыртылуда. 2026 жылдан бастап Ислам даму банкімен ірі жобалар іске асады. Андас-1 және Андас-2 су қоймалары толық аяқталды. 46 ұңғыманың 95%-ы жөнделді.

Кәсіпкерлік пен туризм

Ауданда 7769 кәсіпкерлік субъекті жұмыс істейді. Биыл Меркіге 60 мың турист келген. Табиғи парк ашылып, қысқы туризм дамуда.

Инвестициялар

33 инвестициялық жоба жүзеге асуда. Ірі жобалар қатарында:
– 14,8 млрд теңгелік ГЭС
– 1,3 млрд теңгелік сүт фермасы
– Жанармай бекеттері мен металл өндірісі
Жалпы 300-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады.

Тұрғын үй және инфрақұрылым

Ауданда 2278 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Биыл 90 пәтер беріледі. «Асарлатып үй салу» бойынша бірнеше үй тапсырылды. 2026 жылы кәріз жүйесінің құрылысы басталады.

Ауыз су және газ

45 елді мекеннің 44-і ауыз сумен қамтылған. Газбен қамту деңгейі 93%.

Жолдар

2023–2024 жылдары 171 көше жөнделді, жолдардың асфальтпен қамтылуы 90% деңгейіне жетті. Биыл 24,5 км жол жаңартылуда.

Меркі ауданы алдағы кезеңде инфрақұрылымды жаңарту, кәріз және су жүйелерін толықтай жетілдіру, жолдарды жақсарту және инвестиция тарту бағытында жұмыстарды жалғастырады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.