2025 Бусан Глобалды Әйелдер Саяси Форумы сәтті аяқталды!
Бүгін Бусан қаласында 2025 Бусан Глобалды Әйелдер Саяси Форумы табысты түрде өз жұмысын аяқтады. Бұл ресми басқосуға еліміздің атынан көшбасшы кәсіпкер әйелдер Іскер әйелдер қауымдастығының атынан Лештаева Меруерт Коттабайқызы бастап барған болатын. Соның ішінде SERT-inform.kz ақпараттық агенттігінің директоры Жапарова Әсел Әбілханқызыда қатысты. Форум барысында АСЕАН елдері мен Қазақстанның әйел көшбасшылары, сондай-ақ Бусан қаласының жетекші тұлғалары бірлесіп, әйелдердің гендерлік теңдігін қамтамасыз ету және олардың экономикалық тәуелсіздігін арттыру мәселелерін талқылады.
Форумға қатысушылар арасында Пак Хён Чжун, Бусан қаласының әкімі, Юн Джи Ён, Бусан әйелдер, отбасы және үздіксіз білім беру институтының директоры және көптеген халықаралық қонақтар болды.
Бұл форум Пусан қаласының гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтарын қорғау бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға үлкен ықпал етті.
Барша қатысушыларға алғысымызды білдіреміз, әсіресе шетелден келген АСЕАН елдері мен Қазақстанның әйел көшбасшыларына!
Бусан қаласы әлемде әйелдер құқықтарын қорғау мен әлеуметтік даму саласында жетекші рөл атқаратынын тағы бір мәрте дәлелдеді.