2026 жылдан бастап көлік салығын есептеу тәртібі өзгереді

0 14

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа Салық кодексіне сәйкес көлік салығын есептеу тәртібіне бірқатар өзгеріс енгізіледі. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті еске салды.

Негізгі өзгерістер

Жеңіл автокөліктер үшін түзету коэффициенттері енгізіледі:

  • пайдаланылған мерзімі 10 жылдан 20 жылға дейін болса – 0,7 коэффициенті қолданылады;

  • пайдаланылған мерзімі 20 жылдан асса0,5 коэффициенті қолданылады.

Аталған жеңілдіктер жыл қорытындысы бойынша ескерілетіндіктен, 2026 жылға арналған көлік салығы 2027 жылы есептеледі.

Қозғалтқыш көлемі 3000 текше сантиметрден асатын және:

  • 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін Қазақстанда өндірілген (жинақталған),

  • немесе 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін ел аумағына әкелінген
    жеңіл автокөліктерге қатысты арнайы жоғары салық мөлшерлемелері алып тасталады.

Шаруа және фермер қожалықтарына қосымша жеңілдік беріледі.
Енді әрбір шаруа немесе фермер қожалығы:

  • бір дана жүк платформасы бар,

  • жүк бөлігінен қатты стационарлық қалқамен бөлінген жүргізуші кабинасы бар
    пикап автомобиль үшін көлік салығын төлеуден босатылады.

Көлік санатын анықтау тәртібі нақтыланды.
Енді көліктің санаты тіркеу туралы куәлікте көрсетілген басқару құқығы санатына (A, B, C, D) қатаң сәйкес айқындалады.

Салық есептілігі жеңілдетіледі

Салық есептілігін қысқарту мақсатында көлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебін тапсыру міндеті алынып тасталады.

МКК мәліметінше, 2026 жылдан бастап:

  • салық төлеуші тек жылдық декларация тапсырады;

  • көлік салығы жылына бір рет, жыл қорытындысы бойынша төленеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.