Қазақстан Халық партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанатының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 15 қаңтар күні «Үйлесімді өмір формуласы: мансап, отбасы және тұлғалық даму» тақырыбында мазмұнды пікірталас алаңы өтті.
Шараның басты мақсаты – бүгінгі қоғамдағы әйел адамның кәсіби дамуы мен отбасы құндылықтарын қатар алып жүруіне қажетті тетіктерді талқылау, сондай-ақ тұлғалық өсу мен уақытты тиімді басқару бағытында тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.



