Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атанды

0 4

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингінде екі сатыға көтеріліп, ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды.

Бұл нәтижеге ол Australian Open турниріндегі табысты өнерінің арқасында қол жеткізді. Аталған жарыстағы жеңісі Рыбакинаға 2000 рейтингтік ұпай әкеліп, жалпы ұпай санын 7610-ға жеткізді.

Қазіргі таңда Рыбакина рейтингте екінші орынға жайғасқан Польшаның өкілі **Ига Швёнтек**тен небәрі 368 ұпайға ғана қалып отыр. Ал әлемнің бірінші ракеткасы атағы Australian Open финалында жеңіліс тапқанына қарамастан, Беларусь теннисшісі **Арина Соболенко**да сақталды.

Сондай-ақ қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева да рейтингтегі орнын едәуір жақсартты. Ол бірден 24 сатыға көтеріліп, 909 ұпаймен әлемдік рейтингтің 70-орнына тұрақтады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.