Конституция жобасы – қоғам талқысында

0 16

Қазақстан Республикасының Конституциясы жобасын түсіндіру мақсатында еңбек ұжымдарымен кездесулер жалғасуда. Осы бағыттағы кезекті кездесу Қазақстан Халық партиясының Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Имстальком» ЖШС – «Жамбыл металлқұрылымдар зауыты» еңбек ұжымымен өтті.
Кездесу барысында қатысушылар Конституция жобасында ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтыруларға қатысты өз пікірлерін білдіріп, құжаттың ел дамуы үшін маңыздылығына тоқталды. Пікірталас нәтижесінде еңбек ұжымы Конституция жобасын қолдайтындықтарын жеткізді.
Іс-шара барысында ҚХП Жамбыл облыстық филиалы төрағасының міндетін атқарушы Аққозиев Р.С. және партия филиалы төрағасының орынбасары Қолтаев Б.Б. сөз сөйлеп, Конституция жобасына енгізіліп отырған негізгі өзгерістерге жан-жақты түсініктеме берді. Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі тұшымды жауаптар қайтарылды.
Мұндай кездесулер халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, маңызды саяси-құқықтық құжаттарды қоғамдық талқылауға кеңінен тартуға мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.