Тоқаев референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды
Қазақстанда жаңа Ата заңға байланысты референдум 15 наурызда өтеді,
Мемлекет басшысы Жарлыққа қол қойды.
«Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды», — делінген хабарламада.
Құжатқа сәйкес, жаңа Конституцияның соңғы редакциясы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілуі қажет.
Референдум барысында азаматтарға мынадай сауал ұсынылады:
«Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?»