Көктемгі су тасқынына дайындық: Жамбыл облысында жағдай қандай?

0 129

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша Жамбыл облысының аумағында ауа райына жүргізілген көп жылғы мониторинг деректеріне сәйкес, жердің қату деңгейі Тараз қаласында 12 см. Қордай ауданында– 30 см.
Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдарымен елді мекендерден қарды шығару жұмыстары жүргізілуде.
Облыс бойынша су тасқыны қаупі бар 42 елді мекен орналасқан (178 152 тұрғыны бар 32638 үй) Су тасқынына қарсы жүргізілген алдын алу жұмыстарының нәтижелері бойынша 34 елді мекеннің су басу қаупі жойылды және 2 елді мекенде қауіп барынша азайтылды.
«Шоң-Қақпа» су қоймасынан Талас өзеніне қауіп төндіретін 6 елді мекенге (Тараз қаласында 3 учаске, Байзақ ауданында 5 учаске және Жамбыл ауданында 3 учаске (4548 тұрғыны бар, 7987 үй) жергілікті атқарушы органдармен өзен арнасының жағалауын нығайту жұмыстары, табанын мехникалық тазалау және судың бағытын өзгерту жұмыстары жүргізіліп қауіп төмендетілді.
Облысқа үлкен қауіп төндіруі мүмкін «Шоң-Қақпа» су қоймасынан Талас өзеніне тасталған суды қауіпсіз өткізу және көлемін азайту мақсатында елді мекендерді су басуы ықтимал 8 учаске анықталып, жергілікті атқарушы органдарымен өзен арнасын нығайту жұмыстары жүргізілді.
2026 жылы көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында 8 ирригациялық жалпы ұзындығы 82,55 шақырым 7 каналдарға механикалық тазалау, арық жүйесін қазу (8 шқ), дренаж жүйесін қазу (5,64 шқ) және 11 далалық көпірлерді ауыстыру және арық жүйелерін кеңейту жұмыстары жүргізілді.
Сонымен бірге, Мойынқұм ауылында орналасқан Радай өзенінің сол жақ ұзындығы 450 метр, биіктігі 1,5 м көпірден төмен жағалауын толтыру (2150 тонна инертті материалдар) арқылы жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді.
Облыс бойынша сыйымдылығы 396 зардап шеккен халықты қабылдау пункттері (мәдениет және білім беру объектілері) мен 119 000 адам, 32 шатыр, 890 төсек және 460 төсек дайындалды. Тамақтануға және арнайы техниканы тартуға 58 келісім-шарт жасалды. Облыс аумағында 5971 м 3 қар шығарылды.
Көктемгі су тасқыны кезеңіне жедел ден қою мақсатында, облысы аумағында көктемгі кезеңде төтенше жағдайларды жою үшін 1927 адам, 485 бірлік техника, 132 су айдау құралы, (ТЖД 146 адам,32 бірлік техника, 35 су айдау құралы, 19 жүзу құралы және 492 байланыс құралы) күштер мен құралдар топтамасы үнемі дайындықта тұр.
Көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін жергілікті атқарушы органдарының күштері мен құралдары 290 бірлік-инженерлік техника, 25 бірлік-зардап шеккен халықты эвакуациялауға арналған техника және 964 жеке құрам дайындалды.
Су тасқыны жағдайы күрделенген жағдайда облыс аумағында ЖШС, ЖК және ШҚ 311-бірлік инженерлік техника, 1034 жеке құрамға келім-шарттар жасалды.
Қазіргі уақытта облыстың өзендерінде су деңгейі тұрақты және күнделікті мониторинг жүргізілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.