Таразда 13 жастағы қызды ұрлаудан құтқарған ер адам марапатталды

0 8

Жамбыл облысының Полиция департаменті Тараз қаласының тұрғыны Нұркен Умаровты 13 жастағы қызды ұрлау әрекетінің алдын алғаны үшін марапаттады.

Бұған дейін облыс орталығында екі белгісіз азамат автокөлікпен қоғамдық көлік аялдамасында тұрған жасөспірімді күштеп алып кетпек болғаны хабарланған еді. Алайда жағдайға бейжай қарамаған Нұркен Умаров дер кезінде араласып, күдіктілердің әрекетін тоқтатты.

Оқиғадан кейін күдіктілер жедел түрде анықталып, полиция қызметкерлері тарапынан ұсталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Марапаттау рәсімінде облыстық ПД бастығы Қайсар Сұлтанбаев азаматқа Ержан Сәденовтің және жеке өзінің атынан алғыс білдірді.

— Кейде ерлік лауазыммен де, формамен де өлшенбейді. Ол қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдап, көмекке келе алудан көрінеді. Сіздің жедел әрекетіңіздің арқасында жасөспірімнің қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Бұл — бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның тыныштығына қосылған үлес, — деді ПД бастығы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.