Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан 500-ге жуық қазақстандық елге оралады – СІМ

0 6
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі құзырлы органдармен бірлесіп, қақтығыс өршіген аймақтан азаматтарды эвакуациялау шараларын ұйымдастырды. Жолаушылардың негізгі бөлігі Масқат – Алматы бағыты бойынша екі арнайы рейспен елге жеткізіледі

Ведомствоның мәліметінше, сейсенбі күні таңертеңгі уақытта 278 қазақстандықтан құралған алғашқы топ Дубайдағы ҚР Бас консулдығының қызметкерлерімен бірге Масқатқа қарай жерүсті көлігімен жолға шықты. БАӘ және Оман шекарасында азаматтарға шекаралық рәсімдерден жедел өтуді қамтамасыз ету үшін консулдық қолдау көрсетілді.

Кейін осы бағыт бойынша 189 қазақстандықтан тұратын екінші топтың ұшуы жоспарланған. Осылайша, жалпы саны 467 Қазақстан азаматы елге оралады.

«Әуе рейстерінен бөлек эвакуация жерүсті бағыттары арқылы да жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, Қазақстанның Тегеран, Ашхабад және Горгандағы мекемелері Иран-Түрікменстан шекарасындағы «Инчебурун» өткізу пункті арқылы 15 ҚР азаматының қауіпсіз өтуін қамтамасыз етті. Оларға әрі қарай Ақтау қаласына жетуіне қажетті қолдау көрсетілді», – делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.