Тоқаев Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Ербол Хамитовты құттықтады

0 111
Мемлекет басшысы биатлоншы Ербол Хамитовты Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атануымен құттықтады

Президент спортшының табанды еңбек пен ерік-жігердің арқасында қиын жолды еңсеріп, керемет жетістікке қол жеткізгенін атап өтті. Бұл – шынайы құрметке лайық.

Қазақстан құрама командасының ту ұстаушысы бұған дейін шаңғы жарысынан Паралимпиаданың қола жүлдегері атанған болатын.

«Қасым-Жомарт Тоқаев Ербол Хамитовке жарқын жеңіс, қажымас қайрат және зор денсаулық тіледі».Ақорда

Бұған дейін 13 наурыз күні Италияның Милан қаласында өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында қазақстандық Ербол Хамитов елімізге алтын жүлде сыйлағанын жазғанбыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.