Еуразиялық интеграция институтының экзитпол нәтижелері
Еуразиялық интеграция институты Қазақстанның 17 облысында, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында еxit poll – референдум учаскілерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама жүргізд
Сауалнама 200 референдум учаскісін қамтыды, оның ішінде 129 – қалаларда, 71 – ауылдық жерлерде орналасқан.
Сауалнамаға барлығы 30 мың респондент қатысты, оларға арнайы даярланған интервьюерлер face-to-face әдісімен сұхбат жүргізді.
Сауалнама нәтижелері:
Қазақстандықтардың 86,7%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген.
Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1%-дан аспайды.
Еске салайық, бұған дейін «Социс-А» ҚР жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі референдумдағы экзитпол нәтижелерін жариялағанын хабарлаған едік.