Таразда бүгін Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесі кең көлемде, ерекше сән-салтанатпен атап өтілді.

0 6

Мерекелік алаңда ұлттық нақыштағы 15 киіз үй тігіліп, әрқайсысында қазақ халқының бай мұрасы мен тұрмыс-салты кеңінен таныстырылды. Қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, қолөнер бұйымдарын тамашалады.
Іс-шара барысында халқымыздың көнеден келе жатқан салт-дәстүрлері сахналық қойылымдар арқылы дәріптелді. Ақсақалдар батасын беріп, ақжаулықты әжелер тұсаукесер, бесікке салу секілді тағылымы терең рәсімдерді көрсетті.

Мерекенің ажырамас бөлігіне айналған ұлттық спорт түрлері де ерекше қызу өтті. Әулиеата өңірінің тұрғындары қазақ күресі, арқан тарту, асық ату секілді сайыстарда бақ сынап, өзара мықтыларды анықтады.

Наурыз мейрамы көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ел бірлігі мен ынтымағын тағы бір мәрте айшықтала түсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.